16 мам, 2020 сағат 08:32

Елорда әкімдігі: 62 жастағы әйелдің өлімі коронавирустан болған жоқ

Елорда әкімдігі 62 жастағы әйелдің өлімі коронавирустан болған жоқ, деп мәлімдеді. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында айтылған.

Онда жарияланған мәліметтерге қарағанда, өлімнің басты себебі прогрессивті жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен туындаған қайтымсыз органикалық әсерден болған. 

«Әйел сонымен қатар, коронавирус инфекциясымен бірге басқа да аурулармен ауырған. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында КВИ тесті оң нәтижелі болған науқастардың өлім-жітімін зерттеу комиссиясы бұл жағдайды КВИ салдарынан қайтыс болған жоқ деген шешім шығарды», - делінген ақпаратта.