Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты іс-шара өтті. Аудан әкімі Абдуәлиев Қайрат Амангелдіұлы тұрғындарды мерекемен құттықтады.
«Еліміздің егемендік алып, халқымыздың азаттыққа қол жеткізген күні, Тәуелсіздігіміздің 27 жылдық мерекесі құтты болсын! Бұл айтулы мереке ата-бабаларымыздың сан ғасырлар аңсаған арманының жарқын көрінісі. Әрбір халық үшін тәуелсіздіктен қастерлі, азаттықтан асыл, егемендіктен киелі ұғым жоқ. Тәуелсіздік халқымыздың ұзақ жылдар бойы аңсаған арманы болатын. Сол арман осыдан 27 жыл бұрын ақиқатқа айналып, 1991 жылы 16 желтоқсанында еліміз еркіндікке қол жеткізіп, еліміз Тәуелсіздік алды. Егемендігіміз баянды болып, азат еліміздің аспаны ашық болсын, баршаларыңыздың отбасыларыңыз шаттыққа кенелсін. Тәуелсіздік күні құтты болсын!», - деді ол.
Өз кезегінде, аудан басшысы біршама азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады. Ал, кейінгі сөз кезегі Сарыағаш аудандық маслихат хатшысы Садықов Бақытжан Молдабекұлына берілсе, кеш соңы мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.
14 жел, 2018 сағат 19:32
«Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік»
23.12.2024