21 сәу, 2017 сағат 07:13

Терроризмді насихаттады деген күдікпен 11 адам ұсталды - ҰҚК

2017 жылғы 20 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында Ішкі істер органдарын тарта отырып арнайы операциялар жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымын қолдауға шақырғаны және оларға қатысты материалдарды таратқаны үшін 4 радикалды топтың іс-әрекеті бейтараптандырылды" делінген хабарламада.

Сондай-ақ, террорризмді насихаттау және діни алауыздық тудыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары шеңберінде 11 адам ұсталған.

Олардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту, куәлардан жауап алу және басқа да тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.