14 ақп, 2024 сағат 09:40

Еліміздің 11 облысында жол жабылды

14 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақмола облысында - 15 учаске

Ақтөбе облысында – 4 учаске

Шығыс Қазақстан облысында – 1 учаске

Жамбыл облысында – 1 учаске

Жетісу облысында – 1 учаске

Қарағанды облысында – 3 учаске

Қостанай облысында - 6  учаске

Қызылорда облысында - 3 учаске

Павлодар облысында – 1 учаске

Солтүстік Қазақстан облысында - 9 учаске

Түркістан облысында – 2 учаске.

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 289 бірлік техника және 347 жолшы жұмылдырылды.