12 жел, 2019 сағат 08:27

Елімізде ұрлықтың қайталану фактісі ауыр қылмыстар санатына енгізілуі мүмкін

Ұрлықты ауыздықтау үшін Ішкі істер министрлігі заңға тиісті түзетулерді енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ТМД елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мәселені шешудің бір амалы – ұрлықтың қайталанғаны үшін жауапкершілікті күшейту. Мысалы, Өзбекстанда пәтер ұрлығы қайталанған жағдайда 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді. Өзбекстанда қайталанған қылмысқа қаншалықты ауыр жаза кесілетінін бағамдап көріңіз. Осыған байланысты министрлік ұрлықтың бірнеше мәрте жасалу белгілерін ауыр қылмыстар санатына жатқызуды көздейтін заңға тиісті түзетуле енгізуге бастамашылық етті», - деді ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің басқарма бастығы Нұржан Рахметуллаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.