08 мам, 2025 сағат 15:30

Елімізде демалыс маусымында 11 қосымша теміржол бағыты іске қосылады

Фото: Sputnik.kz

Жаңа пойыздар кестеге енгізіліп, бірқатар бағыттағы қатынау жиілігі артады. ҚТЖ мәліметінше, бұл өзгеріс демалыс маусымындағы сұранысқа сай қабылданған, деп хабарлайды Ult.kz.

Қосымша бағыттар 270 000 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында 3 тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады. 

Жаңа қосымша бағыттар:

- №253/254 «Астана — Достық»  (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.
- №207/208 «Алматы — Жаланашкөл»  (Тальго) пойызы белгіленген күндерде қатынайды.
- №211/212 «Алматы — Достық»  (Тальго) пойызы күнара қатынайды.
- №221/222 «Алматы — Достық» пойызы аптасына 3 рет қатынайды.
- №457/458 «Семей — Достық» пойызы күнара қатынайды.
- №459/460 «Өскемен — Достық» пойызы күнара қатынайды.
- «Алматы — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
- «Қызылорда — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
- «Павлодар — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
- №201/202 «Астана — Алматы» пойызы күн сайын жүреді.
- №203/204 «Астана — Шымкент» пойызы күн сайын жүреді.