Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы брифингте экология министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
«Көктемгі санақ қорытындысы бойынша елімізде жалпы саны 3 миллион 900 мың киік бар, оның ішінде 2 миллион 300 мыңы — Орал популяциясы, 1 миллион 600 мыңы — Бетпақдала популяциясы, ал 700–800 мыңдай шағын популяция — Үстіртте», — деді министр брифингте.
Айтуынша, ғалымдар жалпы популяцияның 20%-ын алып тастауды ұсынып отыр. Сондықтан шамамен 4 миллион киіктің ішінен 800 мыңы атылуы мүмкін.
