16 шіл, 2021 сағат 09:56

Елімізде 2 млн 661 мың адам вакцинаның екі компонентін салдырды


Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі күнге дейін вакцина ектірген қазақстандықтардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

14 шілдеге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 4 776 755 адам салдырды. 

Ал вакцинаның екінші компонентін алған адам саны - 2 661 833.