19 сәу, 2026 сағат 13:40

Алматыда жолда тұрған көліктің үстіне ағаш құлады


Оқиға куәгерінің фотосы\ Tengrinews.kz


Алматыда ағаш жол бойына құлап, көшеде тұрған жеңіл көлікті зақымдады, - деп хабарлайды Ult.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Куәгерлердің айтуынша, оқиға сенбіlt Шәріпов көшесінде болған. Оқиға орнынан түсірілген суреттерден Honda Civic көлігінің төбесі зақымдалғаны көрінеді. Зардап шеккендер жоқ.


Алматы әкімдігі бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, құлаған теректің сырт көзге апатты жағдайда тұрғаны байқалмағанын мәлімдеді.


"Нөсер жауын салдарынан топырақ шамадан тыс ылғалданып, борпылдап кеткен. Соның кесірінен ағаш әлсіреген. Тамыр ағаштың салмағына шыдамай, ол жол бойына және қасында тұрған көліктің үстіне құлаған", – делінген хабарламада.



Әкімдік өкілдерінің айтуынша, құлаған ағаштың діңі кесіліп, сүрегі тасып әкетілген. Қазір жол қозғалысы толық қалпына келтірілген.


Ал зақымданған көлік иесіне шығын өтеле ме, бұл жағы нақтыланбады.