Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Геннадий Головкинді сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады!", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Головкиннің Шереметаға қарсы жекпе-жегі 19 желтоқсанда таңертең Голливудтағы арене Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтіп, жетінші раундтан кейін аяқталды. Шеремета кездесуді жалғастырудан бас тартты. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді. Бұл ретте GGG төрт рет нокдаун жасағанын айтқан жөн.
Осылайша, Головкин 21-ші рет титулын сәтті қорғап, аты аңызға айналған Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Шеремета үшін бұл алғашқы жеңіліс.