21 ақп, 2022 сағат 13:00

Электр энергиясын заңсыз пайдаланып келген майнинг фермасы анықталды


ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері электр желісіне заңсыз қосылған манинг фермасын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тексеру барысында фемадан «bitcoin» криптовалютасын жасауға арналған 159 манинг құрылғысы анықталды. 

2021 жылдың қарашасы мен 2022 жылдың ақпаны аралығында өндірілген криптавалюта 48 498 доллар (21 145 128 тенге) нақты ақшаға айналдырылған.