Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ елін жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа 2017 жылмен құттықтауы
Қымбатты отандастар!
Санаулы сәттерден соң біз Жаңа 2017 жылға қадам басамыз.
Өтіп бара жатқан Мешін жылы еліміз үшін ерекше мерейлі меже болды.
Биыл бүкіл халық болып, қастерлі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік.
Жас мемлекеттің ширек ғасырлық шежіресі ел тарихында алтын әріппен жазылды.
Бұл – біздің маңдайымызға бұйырған мерейлі мәртебе, еншімізге тиген ерен бақыт.
Жаңа жылды қарсы алар сәтте береке-бірлігі жарасқан халқыма зор алғыс айтамын!
Биылғы мерейтойлық жыл біз үшін бірқатар маңызды шараларға толы болды.
Елдің саяси өміріндегі елеулі науқан – Парламент сайлауын өткіздік.
Ұлы мақсат көздеген Ұлт жоспарының алғашқы жылын табысты аяқтадық.
Алдағы 2017 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ.
Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметін бастайтын болады.
Бұл – кез келген мемлекет қол жеткізе бермейтін асқақ абырой, мәртебелі міндет.
Келер жылы Астана меймандары «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде бас қосатын болады.
Сонымен қатар, Алматыда дүние жүзілік Қысқы универсиаданың алауы жағылады.
Еңселі елордамызда Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.
Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды.
Халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикамызды дамытуға арналған шаралар жалғасын табады.
Біз енді Тәуелсіз еліміз үшін жаңа 25 жылдықтың жарқын парағын ашамыз.
Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл табысты да тағылымды жыл болсын!
Уважаемые казахстанцы!
Мы провожаем поистине исторический, рубежный 2016-й год.
Наша страна отметила юбилей Независимости, подвела черту под целой эпохой.
Мы с полным правом можем сказать, что Казахстан достойно прожил эту четверть века.
Уходящий год оказался очень насыщенным.
Он вобрал в себя все, что было за период нашей Независимости, – и трудности, которые мы сумели преодолеть, и успехи, которыми мы гордимся.
Я хочу сказать слова благодарности всем казахстанцам.
Ведь мы всего добились вместе, силой нашего согласия и твердостью нашего единства.
Мы встречаем Новый год, который также будет очень важным.
Наша страна будет в фокусе крупнейших международных мероприятий.
В Алматы на Всемирную зимнюю Универсиаду приедут лучшие спортсмены из рекордного числа стран.
Астана примет гостей со всей планеты на выставке «ЭКСПО: Энергия будущего».
Казахстан начнет исполнять свои обязанности непостоянного члена Совета Безопасности ООН.
Эта структура отвечает за глобальный мир и безопасность.
Все это серьезное доверие нашей стране и новый стимул для ее развития.
Год будет особенным для всего Казахстана и для каждого из нас.
Новые меры содействия занятости помогут начать свое дело более полумиллиону казахстанцев.
Начнет действие новая программа развития агропромышленного комплекса.
Она не только увеличит выпуск качественного продовольствия, но и серьезно повысит доходы сельчан.
Объединить свои усилия в кооперативы смогут более полумиллиона хозяйств.
Повышение пенсии, пособий, иных социальных выплат затронет порядка трех миллионов человек.
Все это укрепляет уверенность в будущем.
Дорогие друзья!
Новый год уже готов войти в нашу жизнь, наполнить ее новыми событиями, идеями и открытиями.
Мы также готовы встретить его и сделать еще больше для себя, для своих семей, нашей общей Родины!
Искренне желаю всем счастья, здоровья, благополучия, процветания, исполнения всех добрых замыслов!
С Новым 2017-м годом!
Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, елімізге бүгінгіден де биік жетістіктер тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!