14 қыр, 2018 сағат 10:30

Назарбаевты Түркияда салтанатты қарсы алу рәсімінде атты әскер ілесіп жүрді

Әлеуметтік желіде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға сапары кезіндегі салтанатты қарсы алу рәсіміне қатысты видео жарияланды.

Еске сала кетсек, 13 қыркүйекте Анкарада Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті.

Мемлекет басшысын Түркия Президентінің кешенінде қарсы алуда зеңбіректерден дүркін-дүркін оқ атып құрмет көрсетілді. Екі елдің әнұрандары орындалды, Президенттер құрметті қарауыл сапының алдынан өтті. Екі елдің басшысының алдында Президент ұланымен бірге сауыт киген жауынгерлер де тұрды.

Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан мен Түркия президенттері арасында келіссөз өтті. Кездесуде мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.