23 жел, 2016 сағат 14:02

Назарбаев жер заңнамасының кейбір нормаларына мораторийді ұзарту туралы заңға қол қойды

Назарбаев жер заңнамасының кейбір нормаларына салынған мораторийді ұзарту туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң жер заңнамасының кейбір нормаларының қолданылуына мораторийді 2021 жылға дейін ұзартты.

Ұлт порталы