08 ақп, 2017 сағат 08:41

Елбасы Жарлығымен Астана қаласының шекарасы кеңейтілді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Құжаттың толық мәтінін оқырман назарына ұсынамыз.

***

Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 8 719 гектар  Ақмола облысының Целиноград ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып  өзгертілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

 

Қазақстан Республикасының        

         Президенті                                                                                      Н.Назарбаев  

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 6 ақпан            

            № 418