08 қар, 2017 сағат 14:23

Назарбаев «СарыарқаАвтоПром» зауытында іске қосылған жаңа технологиямен танысты

Бүгін жұмыс сапарымен Қостанайға келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «СарыарқаАвтоПром» зауытында болып, көлік құрастыру ісімен танысты, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Президент бұған дейін «Əуежай» шағын ауданына соғып, мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан үй құрылысымен танысты.


«СарыарқаАвтоПром» ЖШС ұсақтүйінді өндіріс бойынша жаңа технологиялық əдісті іске қосты. Əдіс «монокок» деп аталады. Тың тəсіл бірінші JACS3 кроссоверіне қолданылды.

Сонымен қатар Президентке Peugeot, JAC, Iveco жəне электромобильдері көрсетілді. «Оператор РОП» ЖШС директоры Коротенко Алматы жəне Астана қалалары арасындағы электромобиль жолдарының инфрақұрылымы туралы баяндады.


Сондай-ақ, Нұрсұлтан Əбішұлы шетелдік инвесторлармен, зауыт қызметкерлерімен кездесті. Президентке Қостанай облысының инвестициялық əлеуеті көрсетілді. Еске салсақ, бүгін қытайлық CNC компаниясы қостанайлық зауытқа 1 млрд доллардан астам инвестиция салған болатын.