15 жел, 2016 сағат 11:38

Елбасы Президент құзіретін Парламент пен Үкіметке беру туралы айтты

"Астанадағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттілігін Парламент пен Үкімет арасында үйлестіру мәселесін көтерді", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Егемен Қазақстан" газетіне сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар, жаңа мемлекеттік құру мен реформалардың сәтті іске асуына мықты президенттік билік себеп болды. Оны Тәуелсіздік тариxы ашық көрсетті. Енді, мемлекет дамуының жаңа кезеңінде Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін күшейту мәселесін қарастыру қажет. Қазақстанда президенттік басқару формасы бұған дейін болған, болады да. Соның барлығы Ата Заңымызда көрсетілген. Біздің тариxымыз да, салт-дәстүріміз  де соған сай келеді. Дегенмен, бүгінде Президент, Парламент пен Үкімет арасындағы өкілеттіліктерді үйлестіру мәселесін қайта қарап шығатын уақыт келді. Арнайы комиссия осыны жан-жақты зерделеп, тиісті ұсыныстарын жасауы тиіс. Заңдарды өзгертеміз бе, бәлкім Конституцияға да өзгеріс енгізуге тура келетін шығар», — деп атап көрсетті Н.Назарбаев