11 қар, 2016 сағат 10:55

Елбасы Қазақстан үшін мұнайдың барреліне 50 доллар тәуір баға екенін айтты

- Мұнай баррелінің 45-50 доллар құнына біз бейімделудеміз және бұл деңгейдегі бағамен ары қарай да тәп-тәуір өмір сүруге болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша отандық БАҚ өкілдері үшін өткізілген баспасөз брифингінде мәлім етті.

«Барша әлемде тауар айналымы төмендеді, мысалы, мұнайдың бір барреліне құны шамамен 100-ден жоғары, яғни 120 долларды құрады. Бұдан соң оның бағасы 30 доллар болды, кейіннен 45-ке және 50 долларға дейін көтерілді. Бұл ретте Қазақстан бюджетіне 40 пайызға жуық түсімдерді қамтыды, дегенмен де осыған қарамастан экономика оң көрсеткіштерді ұстап тұр. Атап айтқанда, бұл оңтайлы жағдай 6 жыл бұрын индустриаландыруды бастағанымыздың арқасында орын алды, сондай-ақ өндіруші өнеркәсіп біртіндеп қарқын алып келе жатыр», - деді Елбасы.

Президент жыл соңына дейін индустриаландыру аясында тағы 100 кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отырғандығын, бұл өз кезегінде қазақстандықтар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Осы кәсіпорындар адамдарды жұмыспен қамтып, өнім шығарады, сондай-ақ  бұның есебінен экономиканы көтерудеміз. Мұнай баррелінің 45-50 доллар құнына біз бейімделудеміз және болашақта тәуір өмір сүруге болады», - деді Н.Назарбаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы химия, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға ерекше мән беру керектігін, сонымен қатар басқа да салалардан табыс көзін іздестіру қажеттігін атап өтті.

Ұлт порталы