24 нау, 2017 сағат 12:09

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы 

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясы 2017 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында "Жаңғырудың негізі - тұрақтылық, бірлік, келісім" күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген Жарлықта.
ерсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.