25 жел, 2019 сағат 16:34

Елбасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Елбасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына елдегі қылмыстық ахуал туралы баяндалды. Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша Қазақстанда қылмыс саны 16% азайған.

Сонымен қатар, Е.Тұрғымбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар және ішкі істер органдарын реформалау жөніндегі жол картасын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді.