03 жел, 2021 сағат 19:37

«Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы ерлік сабағы өтті



Мектеп оқушыларымен ерлік сабағы болып өтті. Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған іс-шараға «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 06708 әскери бөлімі «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Тілек Кенжебеков қатысты.


«Елін сүйген – Елбасы» тақырыбындағы ерлік сабағын сынып жетекшісі Асура Ілиясова ашып берді. Аталған ерлік сабағында алдымен оқушыларға Елбасының өмірбаяны жеткізілді.


«Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Тілек Кенжебеков сөз сөйлеп Тәуелсіз Қазақстанды басқарған Тұңғыш Президенттің еңбек жолына ерекше тоқталды.


– Халқымыз көп жылдар бойы өз алдына еркін ел болуды армандады. Сол арманға Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жеттік. Бүгінгі бүкіл әлем Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде таниды. Қазақстан Республикасы көпұлтты ел болғандықтан, бейбітшілік пен татулықты берік ұстайды. Сондықтан да, қадірменді оқушылар сендерді де Тәуелсіз Қазақстанымыздың көркейіп дамуы жолында білім нәрімен сусындап, ел абыройын асқақтату үшін еңбек етеді деген сенімім мол, – деп, көкейіндегі ойын жеткізді.


Ерлік сабағы барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған өлеңдер оқылып, оқушылар топқа бөлініп Тәуелсіз елдегі 30 жылда атқарылған игсі істері жайлы сұрақ-жауаптар жүргізді. Оқушылар Елбасына арналған ерлік сабағына белсене қатысты.

 

                                             Думан Жұмашұлы,

 Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы