04 қыр, 2017 сағат 12:09

Елбасы билiкте отырғандардан бастамашыл болуды талап еттi

Бүгiн Парламент палаталарының бiрлескен отырысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев билiк басында отырғандардан бастамашыл болуды талап еттi, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz порталына сілтеме жасап.

«Бүгiн Парламент қызметiн жаңа жүйемен бастап отыр. Палаталар мен Үкiметке қосымша өкiлеттiктер берiлдi, яғни осылайша жауапкершiлiк те жүктелдi. Ашығын айтсам, бiздiң басты кемшiлiгiмiз - билiк тармақтары тарапынан бастамалар жасалу деңгейiнiң төмендiгi. Бұнда менiң де кiнәм бар шығар. Көп бастамалар жасалуы керек, өзгеру қажет. Бiз бұл жайында өткен жолы Үкiметтi ауыстырған кезде де айтқан болатынбыз. Қазiр сол мәселе қайталанып отыр. Бұдан әрi оған жол бермеу керек. Конституция мен заң бойынша барлығына жазылған. Әр министр өз iсiне қатысты жауап бередi және жауапкершiлiкке ие. Үкiмет елдiң экономикалық саясаты мен бағдарламалардың толық жүзеге асуы үшiн толығымен жауап бередi. Парламент заңнамалық және қадағалаушы билiк ретiнде өз өкiлеттiктерiне ие. Қазiр негiзгi жұмыс өңiрлердегi атқарушы билiкке жүктелiп отыр», - дедi Мемлекет басшысы.

Атап өтсек, бүгiн Елбасы алтыншы сайланған Парламенттiң үшiншi сессиясын ашып, депутаттарға қарқынды әрi сапалы жұмыс iстеудi тапсырған болатын.