18 қаз, 2016 сағат 10:39

Ел қорғаны - ер аманаты

Елінің ертеңін ойлаған азамат, тарихын түгендеп, өткенін өшірмей, бабаларын бағалап жүреді. «Ел қорғаны, ер аманаты» - деді дана халқымыз?! Аманатты арқалап, жерім деп жегіліп, елімдеп еміреніп өту отанның ұландарына міндет. Иә, бүгінгі бейбіт заманда қолға қару алып, жауға шабатын күнді құдай басқа салмасын, тек шекарамыздың шетін күзетіп, елдің тыныштығын күйіттеп жүрсе игі.

Ел іргесін берік ұстап, етек жеңімізді жинап жүрген әскерлерімізді әспеттеу артық емес. Солар емес пе бейбіт күннің бесігін тербетіп отырған?! Әспеттеп қана қоймай қалың орман хақымызға еткен еңбектерін көрсете білгеніміз абзал.

Міне осы мақсатта әлем таныған елордамыз Астана төрінде 2015 жылдың соңғы кездерінде ҚР қорғаныс министрлігнің тікелей мұрындық болып, Ел приздентінің жарлығымен Қарулы күштерімізге арналған «Қазақстан Республикасының  Қарулы күштерінің ұлттық-әскери патриоттық орталығы» құрылды. Орталықта әскери тұлғаларымыз ершінді еңбек етіп жүргеніне бақандай бір жыл толды.

Дәл осы орталық құрамында Тарихымызды танитын,  тас дәуірінен бастап, түркіні түгендеген, Алтын орда сынды алып империяның қара шаңырағы Қазақ хандығына тоқталып, жай ғана тоқталып қоймай тереңіне үңілген. Жаңа дәуірдегі жарқыраған Қазақстанның жарқын бейнесін әйгілеп, Қарулы күштерінің қайратын көрсетіп, ұлттың өткенін таныстыратын «ҚР қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұржайы» бой көтерді. Батыр бабаларымызбен балғын балаларымыздың алтын көпіріне айналған мұражай, жыл бойы тынымсыз тыпырлады, тың жұмыстарды тындырды.

Алыс жақын қалалардан арнайы келіп, ұлт ұландарының тыныс тіршілігін танып, тарихымызға көз жүгіртіп, тәуілсіздік таңымыздың қадірін түсініп кеткен халықта есеп жоқ! Мені қуанытатыны мектептер мен жоғары оқу орындарының жас-жеткіншектері осынау қилы замандағы қиын күндерімізді еске лаып, ел іргесін бекіткен батырларымыздың ерен еңбегімен танысып, таңғалып, көздеріне ыстық жас алып, көкірек көздері ашылып кетіп жатқаны.     

ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайында қандай құнды жәдігерлер қойылғанын, тарихтың қай тұсы сізге күңгірт екенін білгіңіз келсе мархаббат. Мұаражай ұжымы Сізге сонау тас дәуіріндегі қазақ даласын мекен еткен халықтан бастап тыныс-тіршілігін таныстырып береді . Тас дәуірі мен қола дәуірінің арасында өтпелі кезең эноелит дәуірінде Қазақстан даласында алғаш рет жылқының қолға үйретілгені туралы бірі білсе бірі білмес. Сақ патшайымы Тұмар ханымның парсылармен күресі көрсетілген диорама да, көп кісінің көңілінен шықты. Түркі далсы ұлан қайыр алқапты мекен еткен біздің түп тамырымыз екеніне шүба қалмайды. Қытайдың Хуанхе өзенінен бастап, Каспи теңіз арасына дейінгі алқапты мекен еткен түркілер, ер тоқым мен зөңгіні алғаш рет қолданғанына куә боласыз. Сол замандағы бабалар қолданған асыл мұралар көз тартпай қоймайды.

Алтын орда сынды алтын кезең біздің күшіміз тасыған, жарты әлемді жаулаған тұсымыз еді ғой. Сол Алтынорданың тікелей мұрагері, қара щаңырақ Қазақ хандығында батырларымыздың қолданған бес-қаруын тамашалауға болады. Аңырақай шайқасын көрсеткен диорамада мұражайдың көркін кіргізіп тұр. Алаш арыстары туралы аз айтылған жоқ. Автономия құрып, әскер ұстағаны туралы деректерді мұаражайдан біле аласыз. Ал екінші дүние жүзілік соғыста, қазақ халқы Мәскеуді қорғап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған сәттегі құнды деректер мұражай қорында сақтаулы. Атақты Рейстахқа ту тіккен батырымыз Рахымжан Қошақарбаевқа арналған диорома көп күдікті сейілтеді.

Міне осындай маңыз көп, мағынасы терең жәдігерлер мұражай қорында баршылық. Бүгінгі тәуелсіз қазақстанның бет- бейнесі Қарулы күштеріне арналған зал кеудеге мақтаныш, жүрекке от бермей қоймайды. Құрылық әскерлеріміз қолданған қару мен әуе қорғаныс күштеріміздің құрал-жабдықтары көрмеген кісіге көмескі емес пе? мың естігеннен бір көрген артық дейді халқымыз, ұлтқа ұлағатты, елге елеулі құндылықтар сізбен біздің өшпес өткеніміз.

Осындай құндылығымен аз уақыт ішінде қасиетті қара шаңыраққа айналып үлгерген орталық, бүгінде тың идеялардың мекені. мақсат –мүддесі, болашақ қамы бір қазақтың бас сұқпай кетпейтін құбыласы бола білді. Биыл әлем қазақтарының ортақ тойы Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойы осы орталықта өткен жоқ па? Ғылыми талқыға жиналып, батыр көрмесіне көруге келген халықтың санына жете алмадық. Орталық пен мұражайды елге еңбек ете бастағаннан бергі атқарған қызметтеріне бір уақ көз жүгіртіп көрейікші.

Мұражайдың әлеуметтік желідегі жаңалықтарын аударыстып көріп көз жеткізгеніміз мынау болды.

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери—патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде 1 маусым - «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, «Балалар біздің болашағымыз» атты мерекелік акциясы өтті. Мерекелік акция күні Музейде балаларға арналған экскурсиялар, квест ойындары, викториналық сұрақтар, сурет жарыстары мен аквагрим, асқан ептілік пен күштілікке негізделген пантомималық ойын-сауықтар мен клоунның күлкілі әзіл-әжуаларын қамтитын Астаналық циркінің арнайы бағдарламалары, концерттік бағдарламалар өткізілді. Іс-шараға қатысқан балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға шын жүректен бақыт пен қуаныш сыйлауға орталықтың барлық қызметкерлері ат салысты»- дейді вк желісіндегі парақшасы. Бұл дегеніміз мұражай басшылығы леге елеулі әр мерекені қалт жібермей, халықтың тыныс-тірішілігімен біте қайнасқаны емес пе?

Ал Халықаралық «мұражай күні» қарсаңында. Мұражайда қазақ халқының дәстүрлі ойыны – асық ойнатылып, «Шеберлер ауылы» өздерінің шеберлік өнерін көрсетті. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары Мальбертте сурет салып, викториналық ойындарға қатысты, 68665 әскери бөлімінің Құрмет қарауыл ротасының Дефилесін, Орталықтың "Big Bend" джаз оркестрінің әсем әуенін, әскери жылдардағы әндерге баянмен орындалған попурриді, анимацияланған мүсіндерді тамашалап, аква грим салдырды. №60 мектеп-лицей оқушылары соғыс жылдарындағы хаттар мен өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, келген қонақтарды ерекше сезімге бөледі. Дәл осылай мерейлі күнді қалт жібермей, түрлі іс-шараларды ұйымдастырып ұлтымыздың ұлық мерекелір ұлықтап келеді.

Сонымен бірге Даңқты Жеңіс күні – 9 мамыр тарихымызға неғұрлым тереңдей еніп, алыстаған сайын оның ұлылығы мен мән-мағынасы дараланып, маңызы артуда. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендерімен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам – Даңқ орденінің толық иегері атанған. Дегенменде, қазіргі уақытқа дейін көптеген батырлардың есімдері тарихта белгісіз болып отыр. Осы орайда, Ұлы Жеңістің 71 жылдығы аясында 2016 жылдың 13 мамыр күні мұражайда «Ұлы Отан Соғысының қазақ батырлары» атты ғылыми семинар өтті. Семинар соңы ҚР ҚК Орталық ансамблінің тамаша концертімен жалғасын тапты.

Басшылық елге еңбегі сіңген әскерилерді де еш ұмытқан емес. Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде   Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне орай еліміздің тұңғыш ғарышкер-ұшқышы, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровпен «Ғылымнан ғарышқа» атты  кездесу өтті.

Ғарыш – кез-келген адам үшін өте қызықты тақырып. Кездесуге келген генерал С. Қ. Нұрмағанбетов атындағы Республикалық «Жас Ұлан» мектебі, Астана қаласының әскери-патриоттық клубтары мен әскери кафедралары, «Жас Қыран» балалар және жасөспірімдер республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері Тоқтар Оңғарбайұлының айтқан әңгімелерін ұйып тыңдап, еңбек жолымен танысып, қызықтырған сұрақтарын қойды. Космос, инновация және ғылымды меңгеруге деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған бүгінгі кездесу әр адам үшін берері мол. Тоқтар ағамыз: «Жастармен мен кездесуге әрқашан дайынмын. Олардың қойған сұрақтары маған күш қуат беріп, шабыттандырып, ертеңіміздің баянды боларына сенім ұялатады» деп, бүгінгі кездесуге келгеніне қуанышты екенін жеткізді. Ғылым мен білімнің сан саласын жетілдіру керек екенін де қалыс қалдырмады. Кездесуге келген жастар, Тоқтар Оңғарбайұлын келе жатқан 70 жылдық мерейтойымен, 1991 жылы 2 қазанда «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшқанына 25 жылдығымен шын жүректен құттықтады.

Қазақстан халқының ұлттық мерекесі наурыз мейрамы да басшылық назарынан тыс қалмады. Мерекелік іс-шарада Әскери оркестір мен Орталық ансамблдің талантты өнерпаздарының қатысуымен салт-дәстүрімізден сыр шертетін қойылымдар қойылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, сонымен қатар оң қолынан өнер тамған, ине мен жiптi жанына серiк еткен отандық этнодизайнер Ырза Тұрсынзаданың ұлттық нақыштағы бұйымдары жұртшылық назарына ұсынылды. 
«Наурыз» мерекесіне ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мухтаров Т.С., ҚР-ғы 35 әскери атташелер жұбайларымен, ҚР ҚК Ұлттық Әскери-патриоттық орталығының басшылары мен қызметкерлері, Астана қаласының құрметті азаматтары қатысты. 
Мерекелік кеш ұлттық тағамдарымыз жайылған бай дастарханмен өз жалғасын тауып, қонақтарға ерекше, қуанышты әсер қалдырды.

Өзінің даңғыл жолын салып келе жатқан орталық пен мұражайы басшылығы мен ұжымы алдағы жылда да табысты боларына сенімді. Сәттілік тілейміз!

ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи мұражайының қызметкері

Қабиден Қуанышбайұлы

Ұлт порталы