02 нау, 2017 сағат 10:36

ЭКСПО аумағындағы декоративті нысанның опырылып түсуінің себебі анықталды

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов EXPO-2017 территориясындағы құрастырманың құлауы бойынша жүргізілген тергеудің қорытындысын жария етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

"Бұған дейін металл нашар болған деп айтып жатты, бірақ металл дұрыс болған, балқытып біріктірушілер дұрыс жұмыс жүргізбеген", - деп хабарлады Қасымов Парламент Сенаты отырысының үзілісінде.

Еске салайық, кеше EXPO территориясында ұзындығы 96 метр және салмағы 240 тонна болатын декоратив көпір құрастырмасы опырылған еді. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ өкілдері бұл құрастырманың декоратив екенін және пайдалануға берілмейтінін айтып сендірді. Ал қалған павильондар бүлінбепті.