Экология министрлігі «Теңізшевройл» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің telegram каналына сілтеме жасап.
2021 жылғы 7 сәуір сағат 15:20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған. Салдарынан ластаушы заттар (сары түтін) түтін мұржасы арқылы қоршаған ортаға шығарылған.
«Теңізшевройл» ЖШС-нің автоматты бұғаттағышты іске қосу себептері анықталуда. Атырау облысы бойынша экология департаменті жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты «Теңізшевройл» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесін қарастыруда. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады», - делінген хабарламада.