#
#
Сейсенбі 22/09/2020

Экология министрлігі Есіл өзенінде су түсінің өзгеруіне қатысты түсінік берді

  • 03.08.2020
  • 0
  • 254

Экология министрлігі елорда тұрғындарын алаңдатқан Есіл өзеніндегі судың түсіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, өзендегі судың жасыл түске боялған бөлігі әлеуметтік желіде жарияланған еді. 

Министрлік мәліметінше, әлеуметтік желідегі жарияланым негізінде елорда бойынша Экология департаментінің мамандары 31 шілде күні Есіл өзені бойын қарап шықты. Осы орайда өзен жағалауы зерттеліп, Есілдегі судың сынамасы алынды. 

«Есіл өзені суының жасыл түске боялуына табиғи құбылыс себеп болуы мүмкін. Су түсінің өзгеруіне фитопланктонның көбеюі әсер етеді. Бұл тұрғыда су қоймасында балдырдың тез көбеюі ықпал етуі мүмкін», - делінген Экология министрлігі хабарламасында. 

Сонымен қатар, су түсінің өзгеруіне макробалдырлар да әсер етуі ықтимал. 

Ведомство мәліметінше, аталған мәселені Экология департаменті ерекше бақылауға алды. Заңнамаға сәйкес, департамент Нұр-Сұлтан қаласы аумағында тұрақты мониторинг пен бақылау жүргізуде. Ал судан алынған сынаманың нәтижелері алдағы уақытта жарияланатын болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар