22 мау, 2019 сағат 11:20

Экология министрі Ақтөбеге аттанды

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбеге жұмыс сапарын жасайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбедегі экологиялық жағдайды шұғыл түрде шешуді тапсырған еді. Алғашқы тапсырма бойынша шұғыл іссапармен Мағзұм Мырзағалиев өзен арнасын кеңейту жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде туындаған проблеманы зерделеу үшін Ақтөбеге аттанып кеткен.