16 ақп, 2023 сағат 10:11

Екібастұзда су басқан үйден екі адамның денесі табылды

Фото: Рүстем Сыздықов /lifepvl.kz

Екібастұзда су басқан үйден ер және әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

13 ақпанда Екібастұз қаласының тұрғынынан Бұхар Жырау көшесі мекенжайы бойынша жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Шақыртуды пысықтау барысында жеке тұрғын үйден 1959 ж.т. ер адамның және 1965 ж.т. әйелдің зорлық-зомбылық белгілерінсіз мәйіттері табылған. Тексеру кезінде қонақ бөлмесінің еденінде ашық сымдары бар электр жылытқышы тұрғандығы анықталған. 

"Бұл дерек Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді. 

14 ақпанда Павлодар облысы бойынша Екібастұз-Баянауыл АА ССИ мәйіттерді сот-медициналық зерттеу қорытындысы бойынша алдын ала "Техникалық электротоғымен зақымдану" диагнозы қойылды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады" - делінген хабарламада.