Фото: Ақорда
Бұл туралы Президент қабылдауында болған Павлодар облысының әкімін айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Асайын Байханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.
Павлодар облысында экономиканың барлық негізгі саласы бойынша өсім байқалады:
- - Былтыр өңірлік жалпы өнім 5,8%-ға ұлғайды;
- - 1,1 трлн теңге инвестиция (+38%) тартылды.
Облыс әкімі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады:
Құрамында алтын бар концентратты қайта өңдеу және ферроқорытпа өндірісі бойынша 2 үлкен жоба қолға алынады.
Екібастұзда 3 ферроқорытпа зауытын (қуаттылығы 460 мың тонна) салу жоспарланған. Бұл кәсіпорындар іске қосылса, Қазақстан ферроқорытпа өндірісі бойынша әлемде екінші орынға шығады.
Сондай-ақ Президент облыс әкіміне бірқатар тапсырма берді.