15 жел, 2021 сағат 16:55

Егемендік жылдарында Қазақстанда 20 театр ашылды – Мемлекет басшысы


Егемендік жылдарында Қазақстанда 20 театр ашылды. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ал ұлт саулығын сақтау үшін мемлекетімізде бұқаралық спортпен және дене шынықтырумен айналысуға жағдай жасалуда. Елімізде 38 спорт нысаны бой көтерді, 8 мыңға жуық спорт алаңы салынды», - деп атап өтті ҚР Президенті. 

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік кезеңінде төл мәдениетіміз жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, қайта өрлеу кезеңіне қадам басқанын атап өтті.

«Ауқымды «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылды. Көптеген құнды жәдігеріміз елдің игілігіне айналды. Тарихи-мәдени мұралар инфрақұрылымы біртіндеп кеңейтілуде. 9 мемлекеттік қорық-музей құрылды. Үздік әдеби туындыларымыз алғаш рет әлем тілдеріне аударылды. Егемендік жылдарында Қазақстанда 20 театр ашылды. Ұлт киносы әлемге таныла бастады. Қазақ мәдениетінің жаңа шоғыры әйгілі сахналарда өнер көрсетуде»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.