20 жел, 2019 сағат 18:55

ЕЭК Алқасының жаңа төрағасы 2020 жылдың 1 ақпанында қызметіне кіріседі

2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Тигран Саркисянның орнына ЕЭК Алқасының төрағасы ретінде Беларусь өкілі Михаил Мясникович қызмет атқаратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

РФ президенті Владимир Путин жиын барысында тараптардың алдағы бес жылға арналған ЕАЭО шеңберіндегі ортақ даму стратегиясын келіскенін, алайда бұл жұмыстың әрі қарай жалғасатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының басшысы ЕЭК Алқасының жаңа төрағасына ЕАЭО мүше мемлекеттердің барлық астаналарына жеке баруды, ЕАЭО мүше елдерінің сарапшыларымен және үкімет басшыларымен кездесулер өткізуін сұрады.

«Мұндай жұмыс пайдалы болар еді. Ол өзі үшін де қандай мәселелерді қосымша үйлестіру керегін нақтылап, бізді де осы стратегия бойынша түпкілікті шешім қабылдауға бағытталуымыз үшін ақпарат беріп отырар еді», - деді ол.

ЕЭК Алқасының жаңадан тағайындалған төрағасы Михаил Мясникович өз сөзінде қызметіндегі негізгі міндеттерге бірлестікке мүше елдердің толық интеграциясы және ЕАЭО негізгі құжаттарында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін одан әрі күш салу жататын атап өтті.

«Менің ойымша, біз инфрақұрылымның ортақ жобаларын құруда, техникалық реттеумен байланысты мәселелерде және мемлекеттеріміздің экономикалары үшін бірдей болуы қажет мәселелерде шындап іске кірісуіміз керек. Сондай-ақ, ұлттық институтымызды алмастырмастан, осы құрылымдарды толықтыруымыз қажет. Бірлескен ірі компанияларды, әсіресе жаңа технологиялар саласында жұмыс істейтін компанияларды құруымыз шарт», - деп түйіндеді ол.