16 нау, 2022 сағат 18:04

ЕАЭО аясында құпия ақпаратты қорғау туралы келісімге енген өзгерістер ратификацияланды


Мемлекет басшысы «2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Заң мәтіні баспасөз бетінде жарияланады.