27 мам, 2022 сағат 15:25

Джонсон Зеленскийге Ресейге қарсы одақ құруды ұсынды


Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Украина президенті Владимир Зеленскийге Ресейге қарсы еуропалық одақ құруды ұсынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz сайты Corriere Della Sera басылымына сілтеме жасап.

Украинаның ЕО-ға мүшелігіне қатысты жекелеген елдердің түсініксіз ұстанымына байланысты Джонсон саяси, экономикалық және әскери одақтардың жаңа жүйесін ұсынды. ЕО ұстанымына және Германияның Ресейдің әскери агрессиясына берген жауабына наразы елдер жаңа одақ құруы мүмкін деген болжам бар. 

Дереккөздердің хабарлауынша, Джонсон бұл идеяны бір айдан астам уақыт бойы алға тартып келеді. Ол бұл ұсынысын алғаш рет Украина президенті Владимир Зеленскийге 9 сәуірде Киевке сапары кезінде айтқан.

Еуропалық Достастықтың ұсынылған моделіне ұйымның көшбасшысы ретінде Ұлыбритания және Украина, Польша, Эстония, Латвия және Литва сияқты елдерді, сондай-ақ Түркия қосылуы мүмкін. 

Киев бұл бастама бойынша ұстанымы белгісіз. Алайда, украин элитасы Германия мен Францияда Владимир Путиннің жеңілуіне үміттенетін адамдар аз екеніне көз жеткізді. 

Басылымның жазуынша, Зеленский 23 маусымдағы Еуропалық Одақ басшыларының саммитін және Украинаның ЕО-ға кіруге кандидат мәртебесіне қатысты шешімді күтеді. Бірақ бұл саммиттің нәтижесі Украина күткендей бола қоюы екіталай. Бұл қаншама жылдан бері кандидат мәртебесін күтіп жүрген Албания мен Солтүстік Македонияның наразылығын тудыруы мүмкін.