30 сәу, 2019 сағат 09:42

Джеки Чан Сириядан құтқарылған қазақстандықтар жайлы фильмді көрді (Видео)

Танымал актер Джеки Чан Сириядан құтқарылған қазақстандықтар жайлы фильмді көріп шықты. Бұл туралы президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин Instagram-да хабарлады, деп жазады Sputnik.

"Джеки Чанмен оның Қазақстанда жаңа фильмін түсіру жұмыстарын талқылай отырып, біз осы жылдың басында қазақстандық балаларды Сириядан құтқару мақсатында өткізілген "Жусан" арнайы операциясы туралы фильмді бірге көрдік. Операция туралы ақпарат және фильмнің өзі Джекиге қатты әсер етті, өйткені боевиктердің кейіпкері бұл мәселені бүге-шігесіне дейін біледі, - деп атап өтті Ерлан Қарин.

Айта кетсек, "Жусан" операциясы аясында Сириядан 47 азамат елге оралған еді. Олардың дені, яғни 30-ы – 1-5 жас аралығындағы балалар. Осыған байланысты президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеме жасады. Кейіннен депутаттар "Жусан" операциясы негізінде деректі, патриоттық тәрбиедегі көркем фильм түсіруді ұсынды.

Айта кетейік, 28 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда Джеки Чанмен кездесті. Актер алдағы шығармашылық жоспары және киноиндустрия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы ой бөлісті.