15 нау, 2017 сағат 10:51

Дүйсенова: Елiмiзде еңбек ресурстарының сапасы төмен

Қазақстанда еңбек ресурстарының сапасы төмен. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова Сенатта өткен жиында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz порталына сілтеме жасап.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» негiзiнде дағдарысқа қарсы шараларға бағытталғанын атап өткен жөн. Осыған орай, Үкiмет қабылдаған «2017-2021 жж. арналған нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» жаңа бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiби бiлiктiлiктi алу, жаппай кәсiпкерлiктi дамыту арқылы еңбек ресурстарының сапасын, әлеуетiн дамытуға бағытталған. Бiз бағдарлама мiндеттерiн белгiлеген кезде бiрнеше негiзгi проблеманы ескердiк. Бұрын да айтылып келе жатқан бiрiншi проблема, оған Үкiмет те назар аударып келедi, ол - еңбек ресурстарының сапасының төмендiгi. Бiз елiмiздегi барлық еңбекке жарамды халықтың 28 пайызы мектеп бiлiмiн ғана алғанын мойындауымыз керек. Жұмыссыздардың 32 пайызы, жалдамалы жұмысшылардың 20 пайызында мектеп бiлiмi ғана бар», - дедi Т.Дүйсенова.

Министрдiң айтуынша, олардың барлығына қысқа және ұзақ мерзiмдi бiлiм беру керек.

Еске салсақ, бұған дейiн Бiлiм және ғылым министрлiгi 2017 жылдан бастап жастарға тегiн кәсiптiк-техникалық бiлiм берiлетiнiн хабарлаған болатын