06 сәу, 2017 сағат 11:24

Дондағы Ростовта жарылыс болып, бір адам жараланды

Ресейдің Дондағы Ростов қаласының орталығында жарылыс болып, бір адам зардап шекті деп хабарлады құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сілтеме жасаған ресейлік ақпарат құралдары.

Кейін жарылыс туралы ақпарды ТАСС агенттігіне Росгвардияның Солтүстік Кавказ округіндегі баспасөз қызметі растады. Ведомствода қолшамға жасарылған қолдан жасалған жарылғыш зат жарылғанын айтты.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс мектептің жанында болған. Жарылғыш құрылғы аула сыпырушы ер адамның тазалық жұмыстарын жасап жүргенінде жарылған. Жарылыстан ер адам қолынан жараланған.

"Интерфакс" агенттігінің дереккөзінің мәліметіне қарағанда, аула сыпырушы қызметкер көшеде келе жатып, ішінде қолшамғы заты бар пакетті байқаған. Ол түймешені басқанда жарылыс болған. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген. Мектеп жабылып, оның территориясы қоршауға алынған.

Азаттық