18 қар, 2016 сағат 10:40

Доналд Трамп айналасындағылардың екіге бөлінгенін теріске шығарды

АҚШ-тың сайланған президенті Доналд Трамп штабында президент әкімшілігіне кадрлар жинау кезінде келіспеушіліктер орын алып жатыр деген басылымдарда жарияланған хабарды теріске шығарды. Доналд Трамп "Твиттерге" өзінің командасы болашақ министрлер кабинеті және Ақ үй мүшелерін жасақтауда тиісінше жұмыс істеп жатыр деді.

Дереккөзге сәйкес, Трамп соңғы күндері өзі таяуда ғана мемлекеттік хатшы қызметіне лайық тұлға деп атаған Нью-Йорктің бұрынғы әкімі Рудольф Джулианиге күмән келтіре бастаған. Енді мемлекеттік хатшы лауазымына Оңтүстік Каролина губернаторы Никки Хейлидің аты-жөні аталады. Ол бірінші партия арасындағы сайлауда Трамптың қарсыласы Флорида штатынан сайланған сенатор Марко Рубионы қолдаған.

New York Times газетінің жазуынша, Трамп сыртқы саясат мекемесінің мамандарының кеңесінсіз шамамен отыз елдің басшыларымен сөйлескен.

Сайланған президенттің айналасындағылар Трамп туралы алып-қашпа сөздерді кезінде сол үшін жұмыстан кеткен адамдар таратуы мүмкін дейді.