09 қар, 2016 сағат 06:45

Дональд Трамп 3 штатта жеңіске жеткен

- Қазіргі уақытта АҚШ-тағы  президент сайлауы өткен елдің шығыс теңіз жағалауы маңында  орналасқан  барлық учаскелер жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

Дональд Трамп - Оклахома, Индиана, Кентукки, Теннеси, Алабама, Оңтүстік Каролина, Батыс Вирджиния штаттарында, ал Хиллари Клинтон - Вермонт, Мэриленд, Дэлавер, Массачусетс, Нью-Джерси, Род-Айленд штаттарында және Колумбия округінде озып шыққан.

Бірақ Трамп жеңген штаттар шешуші емес екенін айтқан сарапшылар сайлаушылары мен сайлаушылар алқасы мүшесі көп штаттарда берілген дауыс нәтижесін күту керек деседі.

Америкалықтар әр штаттың халқының санына байланысты құрылған сайлаушылар алқасы арқылы дауыс береді. Үміткер президент болу үшін сайлаушылар алқасындағы 538 дауыстың кемінде 270-ін алуы керек.

Сайлау күні Нью-Йорк қаласы сайлау кезеңінін һәм саяси оқиғалардың орталығына айналды. Бұл екі үміткер де аталған штатта туғандар болып табылатын тұңғыш кампания жетекшілері. 

Дональд Трамп өзінің биіктігі аспанмен таласқан «Трамп Тауэр» атты ғимараттың жанындағы учаскеде дауыс берді. Ал, Хиллари Нью-Йорктің Чапакуа  ауданы мектептерінің бірінде орналасқан учаскеге барды.  

Екі үміткердің жеңісін тойлау орындары Манхэттенде, бір-біріне жақын орналасқан.  Бірақ америкалық баспасөз бен қоғамның басты назары Клинтонның сайлау нәтижесін күтуді жоспарлаған Якоб Джавитц Орталығына ауған.