01 шіл, 2022 сағат 16:00

Доллар бағамы сәл төмендеді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,8 теңгеге төмендеп, 466,44 теңгеге тең болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 1 шілдедегі ресми бағамы - 470,34 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 463,62 теңге, сату – 468,10 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 462,54 теңгеден сатып алынып, 465,68 теңгеден сатылып жатыр.