21 мау, 2022 сағат 17:50

Доллар қымбаттап жатыр


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,57 теңгеге қымбаттап, 448,32 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 21 маусымдағы ресми бағамы - 443,26 теңге, ал рубль 7,91 теңгеге тең еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы - 447,77 теңге, сату - 452,08 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 445,65 теңгеден сатып алып, 448,42 теңгеден сатып жатыр.