27 там, 2021 сағат 11:15

Доллар бағамы тағы көтерілді


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 26 тамыздың кешімен салыстырғанда 0, 23-ке өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 425, 65 теңге болды. 

Ұлттық банктің 27 тамыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 425,37 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425,61 теңгеден сатылса, сатып алу - 427,14 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 425,21 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 426,51 теңге.