12 нау, 2026 сағат 18:28

200 теңге: Астанада LRT жолақысы белгілі болды

Фото: ашық дереккөз

LRT тарифі бойынша қаулы Ашық НҚАgov порталында жарияланды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. 

Жобаға сәйкес, жеңіл рельстік көлік желісінде бір сапарға билет құны 200 теңге деп белгіленген. Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Құжат 27 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.