04 шіл, 2022 сағат 15:40

Доллар бағамы сәл төмендеді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,81 теңгеге төмендеп, 464,16 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 2-4 шілдедегі ресми бағамы - 466,44 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 465,19 теңге, сату – 469,73 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 462,69 теңгеден сатып алынып, 466,01 теңгеден сатылып жатыр.