22 мау, 2022 сағат 16:17

Доллар бағамы өсті


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5,79 теңгеге көтеріліп, 454,11 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 22 маусымдағы ресми бағамы 447,93 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 453,37 теңге, сату - 458,27 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 452,76 теңгеден сатып алынып, 455,2 теңгеден сатылып жатыр.