29 мау, 2022 сағат 15:58

Доллар бағамы күрт көтерілді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,78 теңгеге көтеріліп, 465,08 теңгеге тең болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 29 маусымдағы ресми бағамы - 460,95 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 459,64 теңге, сату - 465,31 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 460,13 теңгеден сатып алынып, 463,74 теңгеден сатылып жатыр.