09 қар, 2021 сағат 12:02

Доллар бағамы қайта өсті


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 8 қараша кешімен салыстырғанда 0,40 тиынға өскен. 

АҚШ долларының орташа бағамы 429, 20 теңге болды. 

Ұлттық банктің 9 қарашадағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 428, 67 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 429,37 теңгеден сатылса, сатып алу – 430, 88 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 429,27 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 430, 37 теңге.