30 мау, 2022 сағат 16:07

Доллар бағамы 470 теңге болды


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,65 теңгеге көтеріліп, 470,34 теңге болды. Ал, АҚШ валютасының 30 маусымдағы ресми бағамы – 465,08 теңге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 463,5 теңге, сату – 469,12 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,09 теңгеден сатып алынып, 466,05 теңгеден сатылып жатыр.

Рубльдің орташа бағамы 8,89 теңге болды. Бір күн бұрын Ресей валютасының бағамы 9,1 теңге шамасында бекітілген болатын.