Отандасымыз Димаш Құдайбергенов Қытайдағы «Singer-2017» жобасының 2 турында Витастың "Опера №2" әнін орындап, бірінші орынға ие болды.
Алғашқы турдан-ақ милиардтар елін ауызына қаратқан қазақ әншісі бұл жолы да өз биігінде өнер көрсетті. Димаштың ерекше дауысына сүйсінген көрермендер ыстық ықыласын білдіріп, таңданысын жасыра алмады.
Байқаудың екінші аптасында жерлесімізге Витастың ең күрделі саналатын "Опера №2" композициясын орындау талабы қойылған. Димаш бұл атақты әнді Витастың дауысынан 4 модуляциямен 2 тон жоғары айтуға бел буғанын айтқан-ды. Ендеше, видеоға назар аударайық: