Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдегі 2019 жылғы ең стильді ерлер байқауында алғашқы орында келе жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Димаш Құдайбергеннің америкалық жанкүйерлерінің клубы Инстаграмдағы парақшасында әншінің Ресейдегі ең стильді ерлер байқауына қатысып жатқанына байланысты құттықтау жолдады. HELLO! журналы мен HELLO.RU сайтында ең стильді жұлдыздар байқауы өтіп жатыр. Әр апта сайын басылым «Ресейдегі ең стильді жұлдыздар - 2019» атағына үміткерлердің «Классика», «Casual», «Богемдық салтанат», «Ең стильді жұп» аталымдары бойынша есімдері мен суреттерін жариялайды. Әр аталым бойынша жеңімпаздарды sms-хабарлама жіберу арқылы оқырмандар анықтайды. «HELLO!» журналы атап өткендей, «ерекше әсер қалдыра алатын табысты, жарқын және талантты кейіпкерлер конкурсқа қатысады, олар стильді киінген адам әрдайым жеңімпаз болатынын дәлелдейді». Димашпен бірге «Ең стильді адам» атағын алу үшін тележүргізуші Иван Ургант, режиссер, актер және продюсер Федор Бондарчук, сондай-ақ рейтингі жоғары актер және шоу-бизнес өкілі Андрей Бурковский, продюсер Алексей Киселев сияқты танымал адамдар бақ сынауда.
«5 октавадан асатын бірегей дауыс иесі Димаш Құдайберген Қытайды өзіне қаратты, ал 22 наурызда ол ресейлік Кремльді де таңдандырады», деген басылым әншінің алдағы Мәскеуде өтетін концертін еске салды. Dimashusafanclub атап өткендей, дауыс берудің алғашқы күнінен бастап Димаш өзінің қарсыластарынан оқ бойы озып келеді - дауыс берудің соңына қарай Димаш дауыстың 89 пайызын иеленді. Марапаттау сәуір айында өтеді.
Бұдан өзге, бүгін Димаш Құдайбергеннің 29 маусым күні Астанада өтетін жеке концертіне билеттер сатыла бастайды. Билет құны 500 теңгеден басталады.