Фото: Orda.kz
Арман Жұмагелдиевке қатысты сот тергеуі аяқталып, сот талқылауы басталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл туралы Арман Жұмагелдиевтің авдокаты Олег Чернов мәлімдеді. Авдокат сот үкімі келесі жылдың басында шығатынын айтты.
"Арман Жұмагелдиевке қатысты сот тергеуі аяқталып, сот талқылауына көшті. Қазір жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы сөз сөйлеп жатыр. Олар сотталушыларға ұзақ мерзімді жаза тағайындауды сұрап отыр. Желтоқсанның аяғына дейін сот аяқталып, 2025 жылдың қаңтар айының басында шешім шығатын болады", – дейді Олег Чернов.
Бұл іс бойынша айыпталушылар қатарында Алматы қалалық маслихатының бұрынғы депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті полковнигі Руслан Ысқақов та бар.
Orda.kz хабарлауынша, прокурорлар Дикий Арманға 20 жыл, Қайрат Құдайбергенге 8 жыл сұрады. Ал ҰҚК полковнигі Руслан Ысқақовқа 15,5 жыл жаза талап етілуде.